Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жаңа жылдан бастап қоғамдық орындарда орысша сөйлеуге тыйым салынады

Құжат бойынша 1 қыркүйектен бастап елдегі барлық орыстілді мектептердің жұмысы тоқтатылды.

Жаңа жылдан бастап қоғамдық орындарда орысша сөйлеуге тыйым салынады
Фото: ашық дереккөз

Украинада 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап қызмет көрсету саласы толығымен украин тіліне көшуі тиіс, деп хабарлады paryz.kz.

Интерфакстың мәліметіне қарағанда, клиенттердің өтініші бойынша ғана өзге тілдерде қызмет көрсетуге рұқсат берілмек. Бұл туралы мемлекеттік тілді қорғау жөніндегі уәкілетті өкіл Тарас Кремень айтқан. 

Заң бойынша тауарлар мен қызметтерді ұсынушылардың бәрі тұтынушыларға украин тілінде ақпарат беріп, тек осы тілде қызмет көрсетуі тиіс. Клиенттермен орысша сөйлесуге тыйым салынады.

"Супермаркетте, интернет-дүкенде, дәмхана, банк, дәріхана немесе кітапхана болсын – қызмет украин тілінде көрсетілуі қажет. Тек клиенттің өтініші бойынша оған өзге тілде қызмет көрсетуге жол беріледі", – деді Кремень.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурызында Украина президенті Владимир Зеленский «Толық орта білім туралы» заңға қол қойған болатын. Құжат бойынша 1 қыркүйектен бастап елдегі барлық орыстілді мектептердің жұмысы тоқтатылды. Орыстілді отбасылардың балаларын 5-сыныптан бастап пәндердің 80 пайызын украин тілінде игеруі тиіс. Орыс тілінде оқыту бағдарламаларын жүргізуге тыйым салынды.