Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Аргентина аруы мен Пуэрто-Рико аруы екі жылдық жасырын қарым-қатынастан кейін үйленді

Пуэрто-Рико аруы Фабиола Валентин мен Аргентина аруы Мариана Варела екі жылдық қарым-қатынастан кейін жасырын үйленген. Арулар арадағы махаббаттары туралы айтып, көпшілікті таң қалдырды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Аргентина аруы мен Пуэрто-Рико аруы екі жылдық жасырын қарым-қатынастан кейін үйленді
Фото: stan.kz

Аргентиналық 26 жастағы Мариана Варела мен Пуэрто-Рикодан келген 22 жастағы Фабиола Валентин алғаш рет 2020 жылы Miss Grand International байқауында кездескен. Жасырын некеге тұрғанға дейін қыздар өздерінің қарым-қатынастарын жасырып, араларында жай ғана достық бардай кейіп танытқан. 

Үйлену тойы туралы ақпараттан соң жас жұбайлар әлеуметтік желіге романтикалық сапарлар мен пәтерін салып көрсеткен. Тіпті Валентиннің "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазуы бар алтын шарлармен қоршалған Варелаға ұсыныс жасаған сәті көрсетілген видео жарияланды. Қыздар видео астына:

"Біз осындай ерекше күнде қарым-қатынасымыз туралы шындықты айтуды шештік",- деп жазған.

Олар бірдей дерлік ақ алтыннан жасалған гауһар тас сақиналарымен түскен суретін желіге жүктеген.