Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Әйел жөндеу жұмыстарына ақша керек болғандықтан танысының басын кесіп алған

Лондон тұрғыны таныс әйелді өлтіріп, үйінде жөндеу жүргізу үшін жалған өсиет дайындаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әйел жөндеу жұмыстарына ақша керек болғандықтан танысының басын кесіп алған
Фото: stan.kz

Бастапқыда 38 жастағы Джемма Митчелл жөндеу жұмыстарына қажетті 200 мың фунтты танысы Ме Куэнь Чун төлейді деп ойлаған. Алайда 67 жастағы әйел бас тартқандықтан, Митчелл танысын өлтіруге бел байлаған. 

Тергеу нұсқасы бойынша, Митчелл құрбанының үйіне келіп, бірнеше соққымен өлтірген. Ал мәйітін үлкен жол жүруге арналған сөмкеге салып, алып шыққан. 

Келесі күні Чунның мәйіті Лондоннан 320 шақырым жерден табылды. Ал әйелдің басын бірнеше күннен соң мәйіт табылған орыннан ондаған метр жерден табылған. Анықталғандай, әйелдің 20 қабырғасы сынған, ал бас сүйегін ауыр затпен тескен. 

Көп ұзамай Митчелл басты күдікті болған. Полиция Митчеллдің Чуннің үйінен ауыр екі сөмкемен шыққаны түсіп қалған видеоны тапқан. Әйел тұтқындалған соң компьютерінен жалған өсиет табылды. Мұнда марқұмның қаржысының 95 пайызы Митчеллдің үйін жөндеуге, қалған 5 пайызы Митчеллдің анасына берілетіні жазылған. 

Сот барысында әйел кісі өліміне қатысы бар екенін жоққа шығарған.