Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Лукашенко Жаңа жылдың алдында ЕАЭО көшбасшыларымен жеке кездеспек

Ол мұндай кездесулер әдетте Мәскеуде немесе Санкт-Петербургте өткенін еске салды...

Лукашенко Жаңа жылдың алдында ЕАЭО көшбасшыларымен жеке кездеспек
Фото: ашық дереккөз

Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО көшбасшыларымен Жаңа жылға дейін кездесу өткізуге ниет білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 11 желтоқсанда өткізілуі тиіс. Онда мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекітпек. Сондай-ақ, стратегия жобасында газ тасымалдау бағасы туралы мәселе келісілмеген күйінде қалып отыр.

Александр Лукашенко "Пул Первого" Telegram арнасындағы видеода ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті Минскіде қабылдағысы келетінін айтты.

Осыған қатысты: "Сіз менің ұстанымымды білесіз. Бізге экран арқылы емес, ашық сөйлесудің уақыты келді. Себебі көптеген мәселелер бар", - деді Беларусь Президенті.

Ол мұндай кездесулер әдетте Мәскеуде немесе Санкт-Петербургте өткенін еске салды.

"Біз әдетте Мәскеуде Жаңа жыл қарсаңында кездестік. Кейде Питерде. Сіздердің тараптан осындай тілек болса, біз Минскіде де мемлекет басшыларын қабылдауға дайынбыз. Біздің алдымызда тұрған мәселелерді ақырындап талқылайтын кез келді", - деді ол. Александр Лукашенко 2020 жыл өте қиын болғанын және одан шығу қиын болатынын атап өтті.