Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қазақстандық қыз АҚШ әскерінің сапында жүріп, сержант шенін алды

Вера Поветина Қазақстанда өздерінің қытай тағамдарын дайындайтын мейрамханасы болғанын айтады.

Қазақстандық қыз АҚШ әскерінің сапында жүріп, сержант шенін алды
Фото: ашық дереккөз

Қазақ жерінен АҚШ-қа қоныс аударған Вера Поветина Әуе қорғаныс күштерінің сержант шенін алды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл жаңалықты YouTube арнасының блогері Мария Клюге жария етті. Ол Вераны өзінің арнасына қонақ ретінде шақырған.

"Мүмкін сіздердің араларыңыздан АҚШ-қа көшіп, сол жердің армиясына жұмысқа тұруға көп адам бел бумас. Бірақ мен сондай адамды таптым. Оның аты-жөні – Вера Поветина. Ол Green карта ұтып алып, Қазақстаннан АҚШ-қа қоныс аударыпты. Қазір ол Америка әскери-әуе күштерінің сержанты болды", - деді блогер.

Вера Поветина Қазақстанда өздерінің қытай тағамдарын дайындайтын мейрамханасы болғанын айтады. Кейін отбасы Green картаны жеңіп алған. Сол мезеттен бастап өзі Америка армиясында қызмет етемін деп шешім қабылдапты.

"Өмірімнің басым бөлігінде жалдамалы жұмысшы ретінде менеджер болып қызмет еттім. Тек соңғы 5 жылда жеке кәсібімізді, қытай мейрамханасын аштық. Артынан Green карта ұтып алған соң, өмірімді басқа жаққа бұрғым келді. Қазір қызметкерлерді іріктейтін маманмын", - дейді Вера.

Әрі ол әскери-әуе күштері базасында қаржылық сарапшы болып жұмыс істейді. Сол себепті, әсери бюджетті де бақылайды екен.