Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Путиннің «ата-анасының қабіріне жазба қалдырған» зейнеткер түрмеге жіберілуі мүмкін

Петербургте Ресей президенті Владимир Путиннің «ата-анасының қабіріне жазба қалдырған» 60 жастағы зейнеткер Ирина Цыбановаға қылмыстық іс қозғалды. Ол бес жылға түрмеге кесілуі мүмкін, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Путиннің «ата-анасының қабіріне жазба қалдырған» зейнеткер түрмеге жіберілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Максим Цыбановтың сөзіне қарағанда, анасы өткен жұма күні (қалалық сот бейсенбіде дейді) зиратқа барған, ал осы дүйсенбіде таңертең пәтеріне полицейлер келіп, анасын бөлімшеге алып кеткен. 11 қазанда Ирина Цыбанова Петербургтің Примор аудандық сотына жеткізілген.

Адвокат Сергей Трусовтың мәлімдеуінше, зейнеткерге саяси, идеологиялық, нәсілдік, ұлттық немесе діни жеккөруге байланысты өлгендерді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Адвокаттың айтуынша, тергеу орындары зейнеткерді қамауға алу туралы өтініш бермек. 11 қазанда сот бұлтартпас шара қолдану жайлы өтінішті қараған жоқ, Цыбанованың қамау мерзімін 48 сағатқа ұзартты.

27 қыркүйекте белгісіз біреулер Санкт-Петербургтің Серафимов зиратындағы Путиннің ата-анасының қабіріне ұлының әрекетіне шағымданып, жазба қалдырған еді. Плакатта «Құрметті ата-ана! Ұлыңыз білгенін істеп жатыр. Тарих сабағына бармай, көрші партада отырғандармен төбелеседі, мектепті жарамын деп қорқытады! Шара қолданыңыздар!» деп жазылған.