Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Тұрғындары шетел асқан ЕАЭО елдері арасында Қазақстан көш бастады

2020 жылдың 9 айында республикадан 21 079 адам көшіп кеткен.

Тұрғындары шетел асқан ЕАЭО елдері арасында Қазақстан көш бастады

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында үш тоқсанның қорытындысына сәйкес, халықтың көші-қоны бойынша ең нашар жағдай Қазақстанда тіркелді, деп хабарлады paryz.kz, LS сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 9 айында республикадан 21 079 адам кетіп, 9233 адам келген. Демек, 11 846 қазақстандық немесе 100 мың тұрғынға шаққанда, 63 адам елден көшіп отыр.

Қырғыз Республикасында да осындай үрдіс байқалады. Бұл елде көші-қон ағыны – 100 мың тұрғынға шаққанда, 47,6 немесе 3103 адам. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметтері бойынша, ол жақтан 3992 адам кетіп, 889 адам көшіп келген.

Ал ЕАЭО-ның қалған елдерінде көшіп келгендер мен кеткендердің айырмашылығы аса алшақ емес. Мәселен, Ресейде көші-қон өсімі 81 653 адам немесе 100 мың тұрғынға шаққанда, 55,6 тұрғын (433 401 адам келді, 351 748 адам кетті), Арменияда – 2 800 адам немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 94,3 адам (29 900 келді, 27 100 кетті).

ЕЭК Беларусь бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деректерді ұсынған жоқ. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елде 82 адамға өсім байқалған. Яғни, 11 097 адам келіп, 11 015 адам кеткен.