Украинадағы соғыста Ресей әскерилері техникаларына ақ жалау іліп, берілуді бастады. Видео Украина Online Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz сайты Халық Үні сайтына сілтеме жасап.
Таспаға Ресейдің үш жауынгері түскен. Олар танкке ақ жалау іліп, украин сарбаздарына қолдарын көтеріп берілген. Осы жерде украиндар «Стоп!» , «Тоқта!», «Қаруды тастаңдар!», деп үшеуін тұтқындаған.
Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз. Шамасы, украиндардың қарсы шабуылға шығып жатқан Херсон облысы болуы мүмкін.
Бұған дейін Украинаның қарулы күштері Ресей әскеріне қалай тұтқынға түсуге болатыны туралы инструкция жариялаған болатын. Онда өз еркімен берілгісі келген кез келген Ресей сарбазы мынадай сөздерді айтуы керек делінген:
«Украина ешқашан Ресейге соғыс ашқысы келмеген», «Бұл соғыста сендер бізді жеңе алмайсыңдар. Жеңетіндей ешқандай мүмкіндіктерің жоқ», «Сендерде тірі қалуға мүмкіндік туып тұр. Тірі қалсаңдар үйлеріңе қайта аласыңдар», «Сендер командованиенің лайықсыз әрекеттерін сылтауратып, «Арнайы әскери операцияға» қатысудан бас тарта аласыңдар», «Сендер УҚК-не тұтқынға түсе аласыңдар», «Біз Женева конвенциясының әскери тұтқындарға қатысты барлық талаптарын ескере отырып, медициналық, заң жағынан көмек көрсетіп, тамақ беріп, туған-туысқандарыңмен хабарласуға жағдай жасаймыз», «Өз еркімен берілген барлық әскерилер ұрыста тұтқынға түскен адам болып саналады», «Таңдау өздеріңде!», – деп жазылған.