Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Мобилизацияға қарсы болған әнші өз-өзіне қол салды

Walkie деген лақап атпен танымал ресейлік әнші Иван Петунин өзінің адам өлтіруге дайын еместігін айтқан, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Мобилизацияға қарсы болған әнші өз-өзіне қол салды
Фото: ашық дереккөз

Соғыс пен мобилизацияға қарсы болған өнерпаз суицид жасар алдында видеоүндеу қалдырып кеткен. Өзінің айтуынша, Украинада 7 ай бұрын басталған соғыс оған қатты әсер етіпті. Ол жан-тәнімен пацифист болған және қолына қару алғысы келмеген.

"Мен денсаулығыма байланысты әскерге шақырылмауым керек. Дегенмен әскери комиссариаттағылардың бұған қарайтынынына сенбеймін. Қазір басталған ішінара мобилизация мұнымен тоқтамайды. Әлі бәріне шақырту келеді", — депті соңғы сөзінде әнші.

Иван Петунин 27 жаста еді. Қайтыс болардан жарты күн бұрын ол өзінің "Walk out boy 3" атты жаңа альбомын шығарған.