Ресейдің Ижевск қаласындағы атыс салдарынан қаза тапқандар саны артты, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.
ЭБасылым мәліметінше, атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапқан. Оның бесеуі сегіз бен 15 жас аралығындағы балалар, төртеуі ересек адам. Тағы жеті адам жарақат алған.
"Атыс салдарынан тоғыз адам, оның екеуі білім беру мекемесінің екі күзетшісі, бес кәмелетке толмаған жасөспірім жарақат алды. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Шабуылдаушы өз-өзіне қол жұмсады", - деп растады РФ Тергеу комитеті.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепте атыс шығарғаны хабарланған болатын.