Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Ресейде жас жігіт әскерге шақыру комиссиясының бастығын атып тастады (ВИДЕО)

Иркутск облысының Усть-Илимск қаласында 25 жастағы ер азамат әскери комиссариатта оқ жаудырған.

Ресейде жас жігіт әскерге шақыру комиссиясының бастығын атып тастады (ВИДЕО)

Салдарынан шақыру комиссиясының бастығы жарақат алып, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды "Инцидент Усть-Илимск" телеграм-каналы.

Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

Оқ атқан 25 жастағы Руслан Зинин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды.

Иркутск облыстық полициясының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.