Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қырғызстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынылды

Бұл ұсынысқа Қырғыз мемлекеттік университеті манастану және лингвистика институтының директоры, профессор Сыртбай Мусаев қарсы шықты.

Қырғызстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынылды
фото: Азаттық радиосы

26 қарашада Қырғызстанда жаңа Конституция жобасын талқылаған конституциялық кеңестің жиынында ағылшын тіліне ресми тіл мәртебесін беру ұсынысы айтылды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Кеңес мүшесі, азаматтық белсенді Максат Шакиевтің айтуынша, орыс тілі арқылы Қырғызстан оннан астам мемлекетпен қарым-қатынас жасай алады. Ал ағылшын тілі екінші ресми тілге айналса, жүзден астам мемлекетпен тығыз қатынас орнатып, әрекет етуге жол ашылады.

"Дүниежүзінде жүзден астам елде, дамыған мемлекеттерде ағылшын тілі кеңінен қолданылады. Қазіргі заманғы технологияларға, халықаралық процестерге араласқымыз келсе, ағылшын тілін екінші ресми тіл ретінде енгізу мәселесін талқылау туралы тапсырма беру керек", - деді ол.

Бұл ұсынысқа қырғыз мемлекеттік университетінің манастану және лингвистика институтының директоры, профессор Сыртбай Мусаев қарсы шықты.

"Бұл мәселені ұсыныс қылып айтудың өзі абсурд. Олай болса, қытай тілін де, ағылшын тілін де, араб, неміс тілдерін де ресми тіл деп көрсетейік. Ақылға сыймайтын дүние. Бәріміздің мақсатымыз да, тілегіміз де бір екенін түсінемін. Бірақ мақсатқа жету үшін ұлттық мүддені құрбандыққа шалмау керек. Мақсатқа жету үшін ұлт мүддесін өзгелерге жығып берудің қажеті жоқ", - деді ол.

Жогорку кеңеш жаңа Конституция жобасын 17 қарашада қоғам талқылауына шығарған. Соны талқылау үшін конституциялық кеңес жасақталған.

Қырғызстанда қырғыз тілі - мемлекеттік, орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие.