Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шыңжаңдағы ұйғырлар жағдайына Рим папасы алаңдап отыр

Шыңжаң аймағында ұйғырлар, қазақтар және қырғыздар сияқты жергілікті мұсылман халықтың жүз мыңдаған өкілі лагерьлерде негізсіз қамалып жатқаны 2017 жылдан бері айтылып келеді.

Шыңжаңдағы ұйғырлар жағдайына Рим папасы алаңдап отыр
Фото: ашық дереккөз

Рим папасы Франциск ұйғырларды қуғынға тап болған ел деп атады. Католик шіркеуінің басшысы бұл туралы алғашқы жолы Қытайдың Шыңжаң аймағында азшылық өкілдерінің құқықтары бұзылып жатқаны бойынша хабарлар таратып жатқан кезде мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kzcentralasian.org сайтына сілтеме жасап.  

"Мен қуғынға тап болған рохинжа, байғұс ұйғырлар, йезиддер жөнінде көп ойланам" деп айтылған понтификтің "Келіңдер, армандайық: жарқын болашаққа қарай" атты кітабында. Кітап 23 қарашада басылып шықты.

Осыған дейін папа Мьянмадағы рохинжа азшылығының репрессияға тап болғаны, Ирактағы йезиддердің "Ислам мемлекеті" террорлық ұйым тарапынан өлтіріліп жатқаны жөнінде айтып келген, бірақ ұйғырларды азап шегуші халық ретінде айтқан емес.

Шыңжаң аймағында ұйғырлар, қазақтар және қырғыздар сияқты жергілікті мұсылман халықтың жүз мыңдаған өкілі лагерьлерде негізсіз қамалып жатқаны 2017 жылдан бері айтылып келеді.