Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Лукашенко қарсыластарына өзін биліктен кетірудің жалғыз жолын "нұсқады" (ВИДЕО)

"Біздің қашқындарды толғандыратын барлық сұраққа өте қарапайым жауап осындай", - деді ол.

Лукашенко қарсыластарына өзін биліктен кетірудің жалғыз жолын "нұсқады" (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Беларусь президенті Александр Лукашенко соңғы кездері батыс елдері республика үкіметіне ықпал етіп, "қазіргі жүйені құлату мақсатында" әртүрлі амал жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы президент Минскіде шет мемлекеттер елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде айтты, деп хабарлады paryz.kz, belta.by-ға сілтеме жасап.

"Соңғы уақытта батыс мемлекеттері Беларустың дамуына қатты алаңдап, уайымдап жүр және қазіргі жүйені құлату үшін Беларусь билігі мен президентіне ықпал етудің әртүрлі амалын жасап жатыр. Олар бұл процеске Ресейді қосуға да дайын. Бірақ оны қалай істейтінін білмейді", - деді Лукашенко.

Президенттің айтуынша, оны биліктен кетірудің бір ғана жолы бар.

"Осыған байланысты Беларусь президентін биліктен кетіруге болатынын айтқым келеді. Бұл – шынайы. Мен оның жолын ұсынамын, ол – жалғыз, басқа жоқ: тек беларус халқы мұны бүгінгі заңдар мен Беларус Конституциясы негізінде жасай алады. Беларуста қызмет етіп жатқан батыс дипломаттарын, қазіргі кезде батыста осы мәселеге алаңдап, уайымдап жүргендерді, сондай-ақ біздің қашқындарды толғандыратын барлық сұраққа өте қарапайым жауап осындай", - деді Беларусь президенті.