Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Жапонияда мұғалімдерге арналған мейрам жоқ

Себебі олардың әрбір күні мереке.

Жапонияда мұғалімдерге арналған мейрам жоқ
фото: nippon.com

Жапониялықтар мұғалімдер күнін тойламайды. Экономика, ғылым мен техника жағынан дамыған мемлекеттің ұстаздарға құрмет көрсетіп, күнтізбенің бір күнін арнамағаны қызық екен деп хабарлады newsroom.kz. 

Оларда мейрам ретінде тойланбағанымен халық мұғалімдерді ерекше құрметтейді. Тіпті, автобус немесе метроларда ақсақалдардың өзі мұғалімнің белгісі бар жастарға орын беріп жатады. Бұны қалай бағаламайсыз?!

Сонымен қатар Жапонияда ұстаздарға арналған дүкендер бар. Онда мұғалімдерге атаулы жеңілдіктер қарастырылған. Тек мұғалімдерге ғана.

Жапонияда мұғалім деген – ең ұлы мамандық, ең ұлы адам. Мемлекеттегі кәсіпкерлер дүкендеріне мұғалімдер келіп жатса, қуанады, оны мәртебе көреді.

Жапониялықтар бұл мамандық иелерін қатты құрметтейді. Метрода оларға арналған арнайы орындар бар. Сонымен қатар олар кез келген транспорттың түріне билет алуға кезекке тұрмайды. Мұғалімдерге арнайы ашылған дүкендер де бар. Жапониялық ұстаздарға «мұғалімдер күні» деген мейрам қажет емес секілді. Себебі олардың әрбір күні мереке.

Дамыған мемлекеттегі мұғалімдер де дәл осындай құрметке лайықты.