Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Вирустың жаңа түрі әлдеқайда жылдам тарайды: Ғалымдар дабыл қақты

Ғалымдардың зерттеуінше, жануардан алынған вирустың жаңа штаммы бастапқыдан ерекшеленеді.

Вирустың жаңа түрі әлдеқайда жылдам тарайды: Ғалымдар дабыл қақты
фото: 24.kz

Ғалымдар COVID-19-бен ауырып шыққан адамдарда пайда болған иммунитет қаракүзеннен жұғатын вирустан қорғай алмайтынын мәлімдеді деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Данияда қара күзендер жұқтырған коронавирус мутацияға ұшырады. Вирустың жаңа түрі әлдеқайда жылдам таралатын болып шықты. Бұл туралы Джордж Мейсон университеті жүйелі биология мектебінің профессоры Анча Баранова мәлімдеді.

"Мутацияға ұшыраған штамм вирусты көп мөлшерде бөледі. Егер бұл инфекция адамдар арасында таралып кетсе, неге әкеп соғуы мүмкін? Былайша айтқанда, "супертаратушылар" көбейе түседі. Бұл індетке шалдыққандар вирусты өте көп адамға жұқтыруы мүмкін", - деді Баранова.

Тағы да оқыңыз: "Коронавирус қара күзеннен де анықталды"

Ғалымдардың зерттеуінше, жануардан алынған вирустың жаңа штаммы бастапқыдан ерекшеленеді.

Ал РИА Новости басылымының хабарлауынша, қазіргі таңда Данияда коронавирус жұқтырған қара күзендер ағзасында өзгеріске ұшыраған инфекция туралы ғылыми зерттеу жарияланбақ.

Зерттеушілер COVID-19-бен ауырып шыққан адамдарда пайда болған иммунитет оны қара күзендер тарататын коронавирустан қорғай алмайды деп санайды.