Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Грузияда қолында қаруы бар тұрғын 9 адамды кепілге алған

Ол кепілге алған адамдардың босатудың талабы ретінде елде құмар ойындарға тыйым салу, банк несиелерін төмендету, медикаменттер бағасын арзандатуды айтқан.

Грузияда қолында қаруы бар тұрғын 9 адамды кепілге алған
фото: Фото: RFE-RL

Тбилисидегі қаржы ұйымының қызметкерлерін кепілге алған қараулы адам ұсталды. Бұл туралы paryz.kz "Новости-Грузия" сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Адамдарды кепілге алған қарулы тұрғынның ұсталғаны және оқиғадан ешкімнің зардап шекпегені туралы ақпаратты Тбилиси патрульдік полициясының басшысы Важа Сирадзе растады.

Қаруланған ер адам қаладағы қаржы ұйымының кеңсесіне баса-көктеп кіріп, 9 адамды кепілге алған.

«Бірнеше сағатқа созылған келіссөздің нәтижесінде кепілге алынған адамдар босатылды, қарулы адам ұсталды», - деді Сирадзе.

Қарулы күдікті өзінің кім екенін жасырмаған. Бірнеше рет желіде тікелей эфирге шыққан. Ол кепілге алған адамдардың босатудың талабы ретінде елде құмар ойындарға тыйым салу, банк несиелерін төмендету, медикаменттер бағасын арзандатуды айтқан.