"Бірақ мен күн сайын жұмыс істеуді жалғастырамын".
Украина президенті Владимир Зеленскийдің коронавирусқа тапсырған екінші тесті де оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы ол өзінің Telegram парақшасында жазды деп хабарлады paryz.kz.
Украина көшбасшысының сөзінше, осыған қарамастан өзін жақсы сезінеді.
"Менің қайтадан жасаған тестім өкінішке орай, әзірге оң нәтиже көрсетті. Бірақ мен күн сайын жұмыс істеуді жалғастырамын. Өзімді күннен күнге жақсы сезінудемін, бүгіннен бастап иіс сезе бастадым, күшім қалпына келуде", - дейді Владимир Зеленский.
Еске сала кетейік, 9 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскийдің коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған едік.