Ауғанстанда «әл-Каида» исламшыл тобының лидері Айман әз-Зауахири өлтірілді. Оның Кабулдегі үйіне америкалықтар екі зымыранмен соққы берген.
Мұны президент Джо Байден мәлімдеді.
Шабуылдан Зауахиридің туыстары мен бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ, деп жазады qazaqstan.tv.
АҚШ барлаушылары оның жасырынып жүрген жерін жыл басында анықтаған. «әл-Каида» жетекшісін Вашингтон 2001 жылы Құрама Штаттарға жасалған алапат терактілерді ұйымдастырды деп есептейді.
Содан бері әз-Зауахири қашып жүрді. Ол «әл-Каиданы» 2011 жылы америкалықтар Пәкістанда Осама бин Ладенді мерт қылғаннан кейін басқара бастады.