Украинадағы соғыста Ресей тарапы аз ұлттың өкілдерін алдыңғы шепке салуда деп жазады Рaryz.kz https://t.me/ Usbanov ARNASY сілтеме жасап.
"Башқұрттар да қырылып жатыр. Путин бізді ажалға айдап салды – сарапшы пікірі.
Ресей армиясының сапында соғысып жатқандардың дені ыңыршағы шыққан кедей. Жоқшылық олардың психологиясын бұзған. Әлеуметтік жағдайын түзеу үшін қолын қанға малудан тайынбайды.
Украин жерінде оққа ұшып, сүйегі көмусіз қаларын ойланып жатпайды. Путин пропагандасы кедейлерден құралған Ресей армиясын дуалап тастаған.
Мұндай пікірді “Башқұрт” саяси ұйымының белсендісі, Ресей билігі тарапынан қудалауға ұшыраған Руслан Ғаббазов білдірді деп жазады"- https://t.me/ Usbanov ARNASY