Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Атамбаев видеоға түсіруге рұқсат етілген сотта зайыбымен көрісті (ВИДЕО)

"Келші, сені құшақтайыншы", - деді оған әйелі.

Фото: дереккөз

Бішкекте Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Судья Мирлан Термешиков БАҚ өкілдеріне алғаш рет сот отырысын видеоға түсіруге рұқсат берген, деп хабарлады paryz.kzAkipress-ке сілтеме жасап.

Сот процесі ашық режимде өткені айтылады. Атамбаевты қол шапалақтап қарсы алған екен.

Сотқа келгендердің қатарында экс-президенттің зайыбы Раиса Атамбаева да болды. Ол күйеуімен үзіліс кезінде амандасып үлгерген. "Келші, сені құшақтайыншы!" - деді оған әйелі.