Бұл туралы Рaryz.kz The Wall Street Journal , The Moscow Times басылымдарымен бөліскен https://t.me/usbanov арнасына сілтеме жасайды.
Қазақстан Ресейден келетін соғыс қаупінен сақтанып, қорғаныс саласын күшейтіп жатыр, - деп жазады WSJ.
Басылым: "Қазақстан билігі Ресей мен Украина соғысынан сабақ алды. Украинаның табандылықпен қарсылық көрсетіп жатқанын көрді. Сол себептен Қорғаныс саласының бюджетін 441 млрд теңгеге (шамамен $918 млн) көбейту туралы шешім қабылдады.
Оған қоса, Нұр-Сұлтан Мәскеумен қарым-қатынастарын қайта саралап, сыртқы саясатта АҚШ, Түркия және Қытаймен байланыстарын күшейтіп жатыр", - дейді.
Қазақстандық жоғарғы лауазымды бір шендінің сөзін дерек ретінде келтіріпті. Аты-жөні аталмаған қазақ шендісі: "Елестетіп көріңіздерші, егер Украина болмаса, келесі кезекте біз болар ек",- депті.
"Кремльдің амбициясы Қазақстанды да алаңдатып отыр. Қазақстан тезірек байрактарға қол жеткізуге әрекет етуде, - дейді басылым.
Оған қоса, Қазақстан Батыстың кейбір санкцияларын қолдамақ. Шілденің басында ҚР Қаржы министрлігі Ресей мен Беларуське санкциялық тізімге енгізілген тауарларды жеткізуге тыйым салатын жобаны талқыға ұсынғанын жазыпты.