Үндістан Ұлттық-демократиялық альянсы елдің жаңа басшысын атады деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.
Үндістан Ұлттық-демократиялық альянсы елдің жаңа президенті деп Үндістан халық партиясының басшысы Драупади Мурмуды атады.
Ол республиканың екінші әйел-президенті және әлеуметтік сатыда төмен тұрған тайпалардан шыққан алғашқы мемлекет басшысы атанды.
Мурму – елдің шығысындағы Одиша штатын мекендеген мунда халқының құрамындағы ірі сантал тайпасының өкілі. Қазіргі президент Рам Натх Ковинд құзыреті 24 шілдеде аяқталады. Мурму президент антын 25 шілдеде қабылдайды.