Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров НАТО елдерін «демилитаризациялау» бойынша жоспарымен бөлісті деп жазады Рaryz.kz Оrda.kz сілтеме жасап.
«Біз қазірдің өзінде НАТО елдерін демилитаризациялау (қарусыздандыру-ред. ) жоспарын әзірлеп жатырмыз, Киевті басып алғаннан кейін бірінші кезекте Польша тұр» деп жазды Қадыров Telegram-да.
Еске салсақ, наурыз айының ортасында Қадыров «Полярлы әлемнің күйреуі» атты мақаласын жариялаған. Онда ол Ресейдің Украинадағы әскери операциясын бастау себептерін талқылаған.
Сондай-ақ, Шешенстан басшысы маусым айының соңында «Варшаваны, Польшаны, Румынияны аламын» деп қорқытқан болатын.