Ресейде Путиннің "әскери фейктер" туралы сөзінен үзінді кетіргендер қамалуда деп жазады Рaryz.kz t.me/Pravda_Gerashchenko сілтеме жасап.
Ресейлік БАҚ жазуынша Путиннің "Украинадағы Ресей әскерлері бейбіт нысандарды емес, әскери нысандарды бомбалауда"- деген цитатасын ойып алып, талқаны шыққан Бородянканың аясында көрсетуі айып тағуға негіз болған.
Кирилл Левченко жұбайымен бірге өткен жылдың қараша айында Ресейден кетіп қалған. Айыпталушыға қолдары жетпегендіктен, тергеуге қартаң әке-шешесін алдырған. Ендігі кезекте ата-енесін шақырмақ екен.