Бурятияның Ресей әскерінде келісімшартпен қызмет етіп, Украинада соғыста жүрген 150-ге жуық жауынгерлері елдеріне келдідеп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.
Бурятияның Ресей әскерінде келісімшартпен қызмет етіп, Украинада соғыста жүрген 150-ге жуық жауынгері "қылмыстық іс қозғалады" деген қоқан-лоқыға қарамастан келісімшартын үзіп, үйлеріне қайтқан.
Бұл жөнінде "Азат Бурятия" қоры хабарлады. Жауынгерлер Украинадан 9 шілдеде оралған.
Қор жетекшісі Александра Гармажапова әскерден босап келгендерге "өзінің де, өзгелердің де өмірін сақтап қалғаны үшін" алғыс айтқан.
"Путиннің амбициясы үшін соғысып, босқа өлудің керегі жоқ", - деді ол.