Сәуір-мамыр айларында Қырғызстаннан Ресейге аударылған ақша 2-2,5 есе көбейген деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.
Бұл мәліметке қарағанда 2022 жылдың алғашқы кварталында Қырғызстаннан айына шамамен 35-41,5 миллион доллар шетелге шығарылса, сәуір айында бұл көрсеткіш екі есеге жуық ұлғайып, 80 миллион долларға жеткен, ал мамыр айында 85,5 миллион болған.
Шетелге аударылған ақшаның 90 пайыздан астамы Ресейге кеткен. Қырғыз ұлттық банкінің мәліметіне қарағанда, қаңтар-наурыз айларында Ресейге айына 40 миллион доллар жіберілсе, сәуірде 73,3 миллион доллар, ал мамырда 80 миллион доллардан астам қаржы Ресейге жөнелтілген.