Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Армения Әзірбайжанға оқ атты

Армения әскерилері шекаралық аймақтан Әзірбайжан әскерилерінің Қалбажар аймағындағы позицияларына оқ жаудырды деп жазады Рaryz.kz Оrda.kz  сілтеме жасап. 

Армения Әзірбайжанға оқ атты
ашық дерек көздерінен

Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің мәліметінше, атылған оққа келесі тарап та  жауап қайтарған.

 «8 шілде күні кешке Армения қарулы күштері  бөлімшелері мемлекеттік шекараның Басаркечер ауданындағы Зяркент елді мекені бағытында өз позицияларынан Қалбажар ауданындағы  Йухары Айрым елді мекені бағытында орналасқан армиямыздың позицияларына  оқ жаудырды. Әзірбайжан армиясы бөлімшелерінің тиісті ден қою шараларының нәтижесінде жау ауыздықталды»  делінген агенттік сайтында.

 

Армения Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Агенттік сайтында тек 7 шілдедегі атыс туралы айтылған.

«7 шілдеде сағат 16:15 шамасында Әзірбайжан қарулы күштері  бөлімшелері Армения-Әзірбайжан шекарасының батыс бөлігінде, атап айтқанда Вайоцдзор ауданы Елпин ауылында орналасқан армян әскерилерінің позицияларына әртүрлі, соның ішінде ірі калибрлі мылтықтардан оқ жаудырды. Салдарынан азаматтық көлік зақымданған. Армян жағының жауап әрекетімен Әзірбайжан бөлімшелерінің атысы ауыздықталды. Армян тарапынан зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.

Армения мен Әзірбайжан шекарасында оқтын-оқтын атыс болып тұратыны белгілі. Қарабақ төңірегіндегі шиеленіс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Қарабақ  қақтығыс аймағында бронетранспортер мен артиллерия қолданған шайқастар басталған кезде қайта ушықты.