А.Лукашенко да халықаралық облигациялары үшін төлемдерді АҚШ долларымен емес, беларусь рублімен төлеуді ұйғарған деп жазады Рaryz.kz Telegram-дағы t.me/Pravda_Gerashchenko арнасына сілтеме жасап.
"Ресей билігіне еліктеген Беларусь президенті А.Лукашенко халықаралық облигациялары үшін төлемді АҚШ долларымен емес, белорусь рублімен төлеуге шешім қабылдаған. Сондықтан бұл елдің 13 шілдеде дефолт болуы мүмкін. Белоруссияның шетелдік валюта бойынша ұзақ мерзімді рейтингі "ССС" -тен "С"-ке түскен. Бұл сөзсіз дефолтты білдіреді",- деп жазады Fitch Ratings халықаралық агенттігі.