Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ауруханада көз жұмды

67 жасында Синдзо Абэ өмірден өтті. Ол Жапонияны ең ұзақ басқарған премьердің бірі және жапон экономикасын көтеруші тұлға деп жазады Рaryz.kz Бұл туралы жапониялық басылымдар мен халықаралық агенттіктер хабарлады.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ауруханада көз жұмды
ашық дерек көздерінен

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Нара қаласындағы қастандықтан соң ауруханада есіне келместен қайтыс болды. 

Абэ Жапонияны ең ұзақ басқарған премьер ретінде ол түрлі реформа жасады. Соның бірі әскери салада. Екінші жаһан соғысына кінәлі елдің бірі ретінде Жапонияға ресми қорғаныс саласын дамыту өте қиын болатын. Алайда Абэ барлық қиындықты ысыра білді және самурайлардың әскерін аса қуатты етті. 

Естеріңізге сала кетейік, оқиға орын алған кезде Қ-Ж.Тоқаев саясаткердің тез жазылып кетуне тілектестік көңілмен жедел хат жіберген болатын.