Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Өздері ресми делегациямен Өзбекстанда жүріп снарядпен атқылағандары қызық екен

Ауған Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанның шекаралас аумағына бес снарядтың түсуіне қатысты тергеу бастады. Өздері ресми делегациямен Өзбекстанда жүріп снарядпен атқылағандары қызық екен - деп жазады Рaryz.kz Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

Өздері ресми делегациямен Өзбекстанда жүріп снарядпен атқылағандары қызық екен
ашық дерек көздерінен

 

СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи бір күн бұрын шекара аймағында сегіз зымыран құлағанын, олардың бір бөлігі Ауғанстан аумағына, ал екінші бөлігі Өзбекстан аумағына түскенін айтты.

"Қауіпсіздік күштері дереу оқиға орнына жетіп, тергеуді бастады. Мұнда кінәлілерді анықтап ұстау үшін күш салынып жатыр. Іріткі салушы он ай бойы қауіп төндірмей келді, қазір зұлым әрекеттер жасап жатыр, бірақ бұл екі дос ел арасындағы қарым-қатынасты бұзбайды", - деді Абдул Кахар Балхи.

Ауғанстаннан бес реактив снаряд Өзбекстанның шекара аумағына 5 шілдеде құлаған болатын. Бірақ, Талибанның өкілі Ташкентте жүр. Өздері ресми делегациямен Өзбекстанда жүріп снарядпен атқылағандары қызық екен?

Осыдан төрт күн бұрын Лукошенко Қазақстан мен Өзбекстанға қарата не деп еді?