Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

ҚР президенті Тоқаевтың Еуропаға берген уәдесінен соң Ресей КТК жапты

Ресейден Еуропаға тасымалданатын көмірсутегі көлемінің қысқартылуына байланысты энергетикалық кризистің алдын алу мақсатында Қазақстан президенті берген уәдеден соң, Новороссийскінің Приморск аудандық сотының шешімімен Каспий құбыр желісі консорциумы 30 күнге жұмысын тоқтатты деп жазады  Рaryz.kz t.me/nehabar сілтеме жасап.

ҚР президенті Тоқаевтың Еуропаға берген уәдесінен соң Ресей КТК жапты
ашық дерек көздерінен

Жылына 60 миллион тоннаға жуық Қазақстанның қара алтынын экспорттаудың басты маршруты саналатын мұнай құбырына қатысты тағы бір тоқтам пайда болды.

Атап айтқанда, апатты жағдайда мұнайдың теңізге құйылуына жол бермеу жоспары бойынша құжаттамалық қателіктердің кездесуіне байланысты РФ  экологиялық заңнамасы бұзылғанға ұқсайды.

Алғаш рет терминалдың жұмысы тоқтатқанда көршілеріміз порт акваториінен Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі минаға ұқсас бірдеңенің пайда болғанын сылтауратқан болатын. 

Бұған енді не деуге болады?