Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Путин үшін НАТО-дан Украина маңыздырақ

Финляндия НАТО  құрамына өткен соң, Ресей финдермен шекарасындағы әскери техникасын әкете бастады. Шекарада тұрған техника мен солдаттарын Украина жеріне жіберуі мүмкін деген болжам бар  деп жазады  Рaryz.kz— шетел басылымдарына шолу жасап


 

Путин үшін НАТО-дан Украина маңыздырақ
ашық дерек көздерінен

 Финляндияның YLE телекомпаниясы жариялаған спутниктік түсірілімде фин шекарасынан 70 шақырым жерде Мурманск түбіндегі Аллакурти селосындағы 34667 әскери бөлімшесіне тиесілі әскери техниканың басым бөлшегі шығарылған. Әңгіме 100 шақты әскери техника, оның ішінде ондаған БТР туралы болып отыр.   

 Спутниктік кадрларды көрген әскери эксперт Марко Эклунд әскери бөлімшені солдаттардың жартысына жуығы тастап кеткенін көріп, "оларды Украинаға жөнелтуі мүмкін" деп атап көрсеткен.