Си Цзиньпин Путиннің ресми шақыруын кері қайтарды. Ресми сылтауы: Қытайдағы COVID-тің ушығуы деп жазады Рaryz.kz шетелдік басылымдарды шолып.
Қытай тарабы COVID-19 індетінің таралуына байланысты, РФ президенті В.Путиннің Ресейге шақыруынан бас тартқан.
Жапонияның Yomiuri газетінің жазуына қарағанда, қыркүйек айындағы сайлау алдында Си Цзиньпин өзіне ақпараттық тұрғыда "кір шалғанын" қаламайтындай.
"Ол үшінші мерзімге сайлауға түсуден дәмелі"- деп жазады басылым ҚХР дипломатиялық қызметіне сілтеме жасап.