Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Сонымен, ұрлыққа қатысы бар кеме кімге тиесілі?

Түркияда ұсталған кемеден оны жалға алушы былтырғы жылдың қарашасында бас тартқан болып шықты деп жазады Рaryz.kz ОСН ТV сілтеме жасап.

Сонымен, ұрлыққа қатысы бар кеме кімге тиесілі?
ашық дерек көздерінен

"НавигаторЪ" фирмасының директоры Вячеслав Игонин Түркия кеденшілері тоқтатқан қазақстандық "Жібек жолы" кемесін бұрынғы ресейлік жалға алушы фирма былтырғы жылдың қараша айында "Казморфлотқа" қайтарғандығын, ал қазіргі кезде бұл кемеге еш қатысы жоқтығын хабарлаған. 

"Бұдан бұрын шындығында "Жібек жолы" кемесін біз жалға алғанбыз. Бірақ, жалға алу мерзімі өткендіктен, кемені 2021 жылдың қараша айында қазақстандық "Казморфлот" фирмасына қайтардық. Бұған біздің еш қатысымыз жоқ" - дейді В.Игонин.

  Жаңалықтардың Қоғамдық Қызметі хабарлағандай, Запорожье облысының басшылығы "Жібек жолы" кемесін Түркияда тоқтатуды пираттық деп айыптаған болатын.  

Енді кімді кім алдап, кімнің кімді ақымақ етіп отырғанын түсініп алыңыз. Қалай дегенімен осы арада бір Қожанасырдың бары рас.