Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Бастапқыда демократ болып көрінген өз-ағамның айласы

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев конституцияға өзгеріс енгізуді және оны бүкілхалықтық референдум арқылы жасауды ұсынған болатын деп жазады Рaryz.kz.

Бастапқыда демократ болып көрінген өз-ағамның айласы
ашық дерек көздерінен

"Халықтың ой-пікірі мен қолдауы арқылы конституциялық реформа жасасақ, онда нағыз халықтық конституция болады", — деп мәлімдеді Мирзияев конституциялық комиссия мүшелерімен кездесу барысында.

Өзбекстан президентінің бұл сөзін Мирзияевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов telegram-арнасында жариялаған.

Мирзиявтің сөзіне қарағанда, конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі "қазіргі қауіпті де күрделі жағдайға байланысты" туған, бірақ ол нені тұспалдағанын ашық айтпады.

Әлеуметтік желілер мен халықаралық БАҚ-тарда "Шавкат Мирзияев конституцияға өзгеріс енгізген соң, бұрынғы және қазіргі президенттік мерзімдерін есептемей, үшінші мерзімге сайлануы мүмкін" деген болжамдар жиі айтыла бастағанымен, бұл жөнінде Мирзияевтің өзі түсініктеме берген жоқ. Өйткені, президенттің қызмет ету мерзімі Қарақалпақстанға қатысты ел конституциясының қолданыстағы 70,71,72,73,75 баптарының тасасында қалды. Бұл да болса, өз ағамыздың саясаттың нәзік тұсын Қарақалпақстан мәселесінің артына жасырған айласы...

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеден бастап Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізді. ТЖ 32 тамызға дейін күшінде болады.