Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Қарақалпақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Нүкіс қаласында мыңдаған адам жарақат алғанын хабарлады

Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанның Нүкіс қаласындағы наразылық акциясынан кейін мыңдаған адамның ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қарақалпақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Нүкіс қаласында мыңдаған адам жарақат алғанын хабарлады
ашық дерек көздерінен

Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында Өзбекстан конституциясына енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық шеруінен кейін мыңдаған адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы автономия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Сұлтанбек Зияев Daryo.uz басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Мыңдаған жаралы ауруханаға жатқызылды, олар емделіп жатыр. Оларға медициналық көмек көрсетілуде", – деді ол. Алайда ол зардап шеккендердің нақты санын айтаған. Сөзінше, Нүкіс қаласындағы ауруханалар науқастарға толып жатыр.

Еске салсақ, 1 шілдеде жергілікті билік Қарақалпақстандағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады. Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қаза тапқандар санын нақтыламады. 

Наразылық шерулері 1 шілдеде үкімет референдумда аймақтың егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айыратын жаңа конституция жобасын ұсынғаннан кейін басталды.

Кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанды автономиядан айыру жөніндегі бастапқы жоспарынан бас тартты.