Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Бондар: Украина астығын ұрлау схемасына қатысқан кемені ұстап, оған конфискация жасайтынына сенімдіміз

Украина билігінің мәліметінше, уақытша басқыншылардың қолына өткен Запарожье облысының Бердянск қаласынан РФ ұрлаған астықты тасымалдаған "Жібек жолы" кемесін Түркияның кеден органдары ұстаған. Бұл жөнінде кеше Анкарадағы Украина елшісі Василий Бондар жалпыұлттық телемарафон эфирінде мәлімдеді деп жазады  Рaryz.kz шетелдік басылымдарға шолу жасап.  

Бондар: Украина астығын ұрлау схемасына қатысқан кемені ұстап, оған конфискация жасайтынына сенімдіміз
ашық дерек көздерінен

"Түркияның кеден органдарымен арамызда толық ынтымақтастық орнаған. Қазіргі кезде кеме портқа кіре берісте тұр. Шілденің 4 күні өтетін ведомство аралық жиналыста бұл кеменің тағдыры шешілмек"- деді елші.

Сондай-ақ ол бұл кеменің басқыншылар басып алған Бердянск портын алғаш пайдаланғанын атап өтті. 

"Әрине бұл заңсыз. Шынтуайтына келгенде бұл - басқыншылар қолына өткен порттан ұрланған тауарды осындай дәлізбен Украинаға тиесілі мүлікті қасақана алып шығуға жатады. Бұған қатысты айтарым: басқыншылардың қолына өткен порттардан шығатын кемелер Ресей портынан ресейлік тауарды алып шыққандай, жалған құжаттармен шығады"- деді ол. 


БондарТүркияға бұл жөнінде бірнеше рет ескертілгенін айтты. 


"Қазір мұнда тергеу амалдары мен астыққа арнайы зерттеме жүргізілуде. Сөйтіп, дәнді дақылдыңбіздің еліміден екендігін дәлелдеп, Украина аумағынан жасалатын ұрлықтың жолын кеспекпіз" - деді украиндық дипмиссияның өкілі. 
  "Жібек жолы" жүк кемесін тұтқынға алу туралы Украиндық тараптың Түркиядан талап етуінің қажеттілігін 1 шілдеде Reuters агенттігі жазған болатын.