Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Қадыровшылардың мұсылман мешітін атқылағаны несі?

Қадыровшылар Украинадағы мешітті жойған деп жазады Рaryz.kz шетелдік ақпарат көздеріне сүйеніп.

Қадыровшылардың мұсылман мешітін атқылағаны несі?
ашық дерек көздерінен

Қадыровшлар Украинаның Луганск облысына қарасты Северодонецк қаласындағы мұсылмандар мешітін жойған. Атыс барысында бейбіт халық қаза тапты. Бұл туралы ислам қауымдастығының имамы, "Бісміллә" мәдени орталығының басшысы Тимур Беридзе хабарлаған. 

"Қадыровтың тиктокерлері Рубежныйда болған кезде-ақ, Северодонецкіде мешіттің барлығын білген. Өздерін құдайдың құлы санайтын олар, Алланың үйіне тиіспеудің орнына таңертеңгілік мешіт жанынан су алуға жиналған халыққа оқ жаудырған. Мешітті қауіпсіз жерге балап тұрып жатқан еш кінәсіз адамдар өлді"- деп мәлімдеді Беридзе.