Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі 2 жарым мың хайуанның көзін жоймақ.
Грекияның Батыс Македония аймағындағы екі фермада қара күзендерден коронавирус анықталды деп хабарлады paryz.kz.
Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі 2 жарым мың хайуанның көзін жоймақ. Бұл фермалардағы 10 жұмысшыдан да вирус анықталды. Қазір зертханалық тексерістер жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Грекияда жыл сайын 1 млн-нан астам қара күзен өсіріліп, мемлекет қазынасына 150 млн еуродан астам кіріс келеді.