Германияда өткен G7 елдерінің басқосуында Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Жапония Ресейдің алтынды импорттауына тиым салатын болып шешті деп хабарлайды Рaryz.kz АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің мәлімдемесіне сүйеніп.
G7 елдері саммитте Украинаны қолдауды тоқтатпайтынын айтып, қару жеткізуді жылдамдату керектігін мәлімдеді. Сондай-ақ Ресейге салынатын санкциялар бойынша да келісті. Соның ішінде Ресей алтынын сатып алудан бас тарту бар, ол Мәскеудің жыл сайын 19 млрд доллардан айырылу деген сөз.