Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

АҚШ сенаты: Ресей терроризмді демеуші ел деп тану туралы қарар қабылдады

АҚШ-тың қос палатасына Ресейді терроризмді демеуші ел деп тану туралы қарардың жобасы ұсынылды деп жазады Рaryz.kz Нalyq-uni сілтеме жасап.

АҚШ сенаты: Ресей терроризмді демеуші ел деп тану туралы қарар қабылдады
ашық дерек көздерінен

Бұл резолюцияны АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті қабылдады. Енді ол Ақ үйге жіберіледі.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми түсініктемесінде айтылғандай, лаңкестікті қаржыландырушы мемлекет санкциялардың негізгі 4 санатына ілігеді. Біріншіден, шетелдік көмек шектеледі. Екіншіден, қорғаныс өнімдерін сатуға және экспорттауға тыйым салынады. Үшіншіден, қосарлама мақсаттағы тауарлардың экспортына бақылау енгізіледі. Төртіншіден, түрлі қаржылық және басқа да шектеулер жасалады.

Бұдан басқа, терроризмді демеуші мемлекеттің өзге  елдермен қарым-қатынасы шектеледі. Дүниежүзілік банк және басқа да қаржылық ұйымдар мұндай статусы бар елге кредит бермейді. Сонымен бірге оның одақтасына қаржылай көмек беруден де аяқ тартуы мүмкін. 

Терроризмді демеуші мемлекеттің тіпті елшілерінен дипломатиялық иммунитет алып тасталуы мүмкін. АҚШ бұл «қара тізімдегі» елдердің үкіметтерімен арада қаржылық операция жүргізуге тыйым салады.

Қазіргі кезде бұл тізімде Куба, Иран, Солтүстік Корея мен Сирия бар.