Ескерткіш жобасы былтыр қараша айында бекітілген.
Ашғабадта алабай тұқымдас итке ескерткіш орнатылды. Оны ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі ашты, деп хабарлады paryz.kz, centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Ескерткіш жобасы былтыр қараша айында бекітілген.
Түркімен алабайы (төбет) – Орталық Азиядан таралған ежелгі ит тұқымы. Тарихта ол Орталық Азия жерінен "Алабай" деген атпен шыққан. Қарауыл және қорғаушы қызметі үшін пайдалынылады.
Түркімен президенті былтыр алабай тұқымдас иті жайында арнайы кітап жазып шығарған болатын.