Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркияда көшеде темекі шегуге тыйым салынды

Тұрғын үйлерден басқа барлық қоғамдық орындарда азаматтар маска тағуға міндетті.

Түркияда көшеде темекі шегуге тыйым салынды
фото: 24.kz

Түркияда адамдар көп жүретін көшелер мен қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынды. Мұндай шешім елде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты қабылданды, деп хабарлады сол елдің Ішкі істер министрлігі.

"Тұрғын үйлерден басқа барлық қоғамдық орындарда азаматтар маска тағуға міндетті. Бірақ, мұндай жерлерде темекі шегу кезінде кейбір адамдар маскаларын шешеді. Осыған байланысты 12 қарашадан бастап барлық провинция адам көп жүретін көшелер мен қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салады", - делінген.