Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Еревандағы митингте армяндар Пашинянға "кет" деп жатыр

Акция кезінде полициямен қақтығыс болып, бірнеше демонстрант қамауға алынды.

Еревандағы митингте армяндар Пашинянға "кет" деп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Ереванда оппозиция Премьер-министр Никол Пашинянның қызметтен кетуін талап етіп, митингіге шықты, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап. 

Осыған дейін халықты наразылық акциясына шығуға 17 саяси партия шақырған.

Ел астанасының орталығындағы Еркіндік алаңына жиналған мыңдаған адам Пашинянның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату бойынша үш тарапты келісімге қол қойғанын айыптап, оның қызметтен кетуін, парламенттің шұғыл жиналыс өткізуін талап етті.

Пашинян бейбіт келісім — жағдайдан шығудың ең дұрыс жолы болғанын, болмаса Әзербайжан Таулы Қарабақты толығымен иеленіп алмақшы болғанын жеткізді.

Акция кезінде полициямен қақтығыс болып, бірнеше демонстрант қамауға алынды.

10 қарашада Армения, Әзербайжан және Ресей Таулы Қарабақтағы соғыс әрекеттерін тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванда жаппай нарызылық акциясы басталып, оның қатысушылары үкіметтің және парламенттің ғимараттарына басып кірген.

Үш тарапты келісімге сәйкес, Әзербайжан соңғы жанжал кезінде өз иелігіне алған Таулы Қарабақтағы және оның айналасындағы жерлерді сақтап қалады.

Бейбіт келісімге Әзербайжанның қарулы күштері алты аптадан бері жалғасып келе жатқан жанжалда тарихи жерлерін қайтарып алғанын жариялаған тұста қол қойылған.