Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

iPhone-ның iOS 16 операциялық жүйесі қазақ тілімен толықты

iPhone-да iOS 16 байланыс орнатудың тәсілдерін кеңейтті деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

iPhone-ның  iOS 16 операциялық жүйесі қазақ тілімен толықты

Apple ресми сайты бұл жолы операциялық жүйені толықтай жаңартқанын хабарлады.

«Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. iOS 16-да қазақ және болгар тілдері болады», – делінген хабарламада.

Қазақ тілінде мәзір және теру кезінде қазақ тілін автокоррекциялау функциясы қолжетімді болады. Жаңа өзгерістер iOS 16-да пайда болады.

Еске салсақ, 2019 жылы iOS 13-те қазақша пернетақта пайда болған еді.