Мәскеуде Ресей либералды-демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Владимир Жириновскийге тиесілі Mercedes-Benz S-Class Pullman автокөлігі сатылып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Лимузин 2,5 млн рубльге бағаланды.
Оның қазіргі иесі Auto.ru сайтына көлікті сататыны туралы хабарландыру берген.
Көлік 2002 жылғы шыққан. Оның бұрынғы иесі Ресей либералды-демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Владимир Жириновский болған. Автомобиль 155 мың шақырым жүрген. Мен көліктің екінші иесімін. Жириновский ешқашан біреуден кейін машинаға отырмаған. Көлік нағыз Пуллман. Ешқашан қайта жөнделмеген, жөндеу көрмеген, - делінген хабарландыруда.
Владимир Жириновский 6 сәуірде қайтыс болды. Қазір Ресей либералды-демократиялық партиясының төрағасы Леонид Слуцкий.