Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Үндістанда Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды

Бюст Нью-Дели қаласындағы Сан Мартин Парк скверінде орнатылған.

Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев бюсті ашылды, деп хабарлайды Paryz.kz, informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Үндістанда Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды
Сурет: Informburo.kz

Салтанатты рәсімге қатысқан ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Махатма Гандидің туған жеріне қазақ ағартушысының бюстін орнату терең символдық мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Абай мен Ганди идеялары бір-бірімен тығыз байланысты.

"Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық", – деді Бақыт Сұлтанов.

Нью-Дели қаласында Абай бюстінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасы делегациясының Үндістанға сапары шеңберінде өтті.