Бүгін Атамбаевтың коттеджінің қасына тағы да адамдар жиыла бастаған болатын.
Бішкекте Қой-Таштағы оқиға бойынша сот басталды деп хабарлады paryz.kz 24.kg-ға сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев сот залына жеткізілді және ол процеске қатысады.
Бішкектің Бірінші Май аудандық сотында 2019 жылдың 7-8 тамызында өткен Қой-Таштағы оқиғалар бойынша тағы бір сот отырысы басталды.
"Алмазбек Атамбаев соттан оны қамауда ұстауды сұрайды", – деп жазады оның кеңесшісі Кундуз Жолдубаева.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сот отырысына экс-президент Алмазбек Атамбаевты алып келген. Ол процеске қатысады.
Еске салсақ, шамамен бір жыл бұрын Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздіктер болған еді. ҰҚМК ол жерде экс-президент Алмазбек Атамбаевты тұтқындау үшін арнайы операцияны іске асырмақ болған. Алайда, бұрынғы Мемлекет басшысының жақтастары арнайы жасаққа айтарлықтай тойтарыс берді. Сол себепті, құқыққорғау қызметкерлері кері шегінуге мәжбүр болды. Бүгін Атамбаевтың коттеджінің қасына тағы да адамдар жиыла бастаған болатын.
Айта кеткен жөн, биыл 1 маусымда Қырғызстанның Қой-Таш ауылындағы оқиға бойынша істі қарап жатқан Бірінші Май аудандық соты елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың сот процесіне қатысуына тыйым салған болатын.