Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ресейлік мүфтият мұсылмандардың өзге діндегілермен неке қиюын шектеді

Жар таңдауда ең алдымен оның діни көзқарасына назар аударуға кеңес беріліп отыр.

Ресейлік мүфтият мұсылмандардың өзге діндегілермен неке қиюын шектеді
фото: aa.com.tr

Мұсылман ерлер және христиан әйелдер немесе яһуди діні сеніміндегілермен неке қиюға тек жергілікті мүфтидің шешімімен ғана рұқсат беріледі. Шарт – әйел Құран Кәрімді ұстануға дайын болуы керек, деп хабарлады РИА Новости, Ресей мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

Ресей мұсылмандары діни басқармасының ақсақалдар кеңесі Ресей аумағында конфессияаралық неке қиюға болмайтыны туралы қаулы шығарған. Жергілікті мүфтидің шешімімен ерекше жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Олардың айтуынша, конфессияаралық некелердің денінде "баланы ислам дінінде тәрбиелеуде" қиындық туындайды. Өйткені, бала тәрбиесінде анасының рөлі ерекше.

"Аралас некенің тағы бір салдары – мұсылман ерлер өзге діндегі әйелдерге үйленгендіктен, мұсылман әйелдер өзіне жар табуда қиналады. Осылайша, мұсылман емес ерлерге шығуға мәжбүр болады", - делінген хабарламада.

Жар таңдауда ең алдымен оның діни көзқарасына назар аударуға кеңес беріліп отыр.

Сондай-ақ, мұсылман әйелдерге өзін мұсылман қауымдастығына жақын емес екенін білдіретін ер адамға тұрмысқа шығуға шектеу қойылып отыр. Өйткені, мұндай неке салдарынан әйелге өзінің діни ұстанымынан алшақтауына тура келеді.